ҚАРЫЗ № 8477-KZ
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру
ҚР 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 431-V Заңымен ратификацияланды
2015 жылғы 20 шілдедегі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада оларға бекітіп берілген мағыналарға ие болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде сипатталған шарттарда немесе оған сілтеме жасай отырып, осы Келісімнің («Қарыз») 2.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын қырық миллион (40 000 000 АҚШ доллары) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі. 2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы. 2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей төлейді. 2.04. Резервке қойғаны үшін Қарыз алушы төлеуге тиіс комиссия жылына Қарыздың алынбаған қалдығының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|