Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам; 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) босқын куәлігі - босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат; 3) 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен алып тасталды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) қауіпсіз үшінші ел - пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келгенге дейін уақытша болған және оған қорғану мен босқын мәртебесін анықтаудың тиімді тетіктеріне қол жеткізу мүмкін болатын немесе қол жеткізу жағдайы жасалған ел; 5) пана - пана іздеген адамдарға босқын мәртебесін беру жолымен Қазақстан Республикасының аумағында қорғау ұсынылуы; 6) пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 7) пана іздеген адамның куәлігі - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат; 8) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 9) шыққан елі - шетелдіктің өзі азаматы болып табылатын елі немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын елі.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында саяси пана берумен байланысты қатынастарға, сондай-ақ өзі азаматы болып табылатын елден немесе тұрақты тұратын елінен экономикалық себептерге байланысты кеткен адамдарға қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері: Мыналар: 1) пана іздеген адамдарды және босқындарды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес пана алу құқығымен қамтамасыз ету; 2) босқын мәртебесін беру жөніндегі рәсімдерді жүргізу кезінде әлеуметтік тегіне, нәсіліне, ұлтына, азаматтығына, діни сеніміне және саяси нанымына байланысты кемсітушілікке жол бермеу; 3) пана іздеген адамдар мен босқындардың жеке өмірі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау; 4) пана іздеген адамдардың және босқындардың ажырап қалған отбасыларының қосылуына жәрдемдесу; 5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жүрген босқын балалардың құқықтарын қорғау; 6) осы Заңның 18-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде пана іздеген адамдарды және босқындарды елден шығарып жіберуге жол бермеу босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды; 4) пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерін айқындайды және осы мәселелер бойынша шешім қабылдайды; 4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртібін, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi; 8) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; 9) - 12) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 13-1) - 13-5) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) пана іздеген адамның куәлігін береді; 3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады; 5) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді; 6) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады; 7) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті 1. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган: 1) босқындар мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне босқындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды табыс етеді; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың қызметіне, босқындар мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, форумдарға және босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық акцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; 5) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді; 3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Ішкі істер органдары: 1) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырады; 2) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді; 3) жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады; 4) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады; 5) заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау үшін пана іздеген адамдар мен босқындарды мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
8-бап. Пана іздеген адамдардың құқықтары мен міндеттері 1) аудармашының ақысыз қызметтерін алуға және босқын мәртебесін беру туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға; 2) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі арқылы босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруге; 3) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қайтарып алуға; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымдануға; 5) шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдау рәсімі аяқталғанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында болуға; 6) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға; 7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке; 9) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 1) босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті дәйекті мәліметтерді хабарлауға; 2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өтуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге; 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-тармақтың 6) тармақшасының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша 21-баптың 1-тармағының редакциясында қолданылады 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті. 3. Пана іздеген адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.
9-бап. Босқындардың құқықтары мен міндеттері 2) тиісті уәкілетті органдардан шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат сұратуға; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы, одан айыру немесе оны тоқтату туралы шешіміне шағымдануға; 4) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға; 5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке; 7) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға; 8) өзімен алып келген, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жиған мүлкін қоныстану үшін өзіне құқық берілген басқа елге әкетуге; 9) босқын куәлігін және жол жүру құжатын алуға құқығы бар. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге міндетті. 3. Босқындар мәртебесі бар адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады.
10-бап. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келісімен күнтізбелік бес күн ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезінде нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгіне алады. 2. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгінуге тиіс. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар адам ұсталған кезден бастап бір күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді. 5. Адаммен бірге келген оның он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде - ата-анасының бірінің өтінішхатына, ал ата-анасы болмаған кезде, олардың заңды өкілдерінің өтінішхатына енгізіледі. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақтың қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 21-баптың 1-тармағының редакциясында қолданылады 6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі, оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны тіркеу жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны дактилоскопиялық тіркеу жүзеге асырылады. 7. Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді.
11-бап. Босқын мәртебесін беру 2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік 21-баптың 1-тармағының редакциясында қолданылады 1. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы шешімді осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткен жағдайда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды. Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бір отбасының мүшелері болып табылатын адамдарды босқындар деп тану осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар ескеріле отырып, он сегіз жасқа толған әрбір отбасы мүшесіне қатысты жүзеге асырылады. Осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, отбасының қосылуын қамтамасыз ету мақсатында он сегіз жасқа толған отбасы мүшелерінің біріне қатысты осы отбасы мүшесі де оның келісімі бойынша босқын деп танылады. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған немесе отбасымен қосылу мақсатында пана сұраған адамның жұбайына (зайыбына) өтінішхат беру кезінде осы баптың, сондай-ақ осы Заңның 10, 12, 13 және 14-баптарының талаптары қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған адамнан немесе пана іздеген адамнан кейін келген адамның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасына қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде жергілікті атқарушы органға олардың отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдемелерді және (немесе) құжаттарды табыс етуге тиіс. Отбасының бірлігі ажырасу немесе босқынның қайтыс болуы салдарынан бұзылған кезде оның отбасы мүшелерінің босқын мәртебесі оған босқын мәртебесін беру туралы шешімнің қолданылу мерзімінде сақталады. 3. Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамды босқын деп тану ата-анасы немесе заңды өкілдері туралы мәліметтер алынғаннан кейін осы адамның мүдделері ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Босқын деп танылған адам балалы болған жағдайда, баланың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқын мәртебесі берілген адамға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын куәлігін береді. Босқынның шыққан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған бұрынғы мән-жайлар сақталған кезде босқынның аталған мерзім аяқталудан бір ай бұрын берген өтініші негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы босқын мәртебесі мерзімін бір жылға және әрбір кейінгі жылға ұзартады. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пана іздеген адамға бас тартудың себебін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібі туралы түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді. |