«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 128 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығыменкүші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11454 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1 - тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|