«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы (2018.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 311 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 3 желтоқсан
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.19.12. № 515 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|