Кесімді бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кесімді бағаны айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 21 бұйрықпен бектілген
Кесімді бағаны айқындау қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кесімді бағаны айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті жоспарлау үшін кесімді бағаны айқындау тәртібін белгілейді.
2-тарау. Кесімді бағаны айқындау тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|