«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 161 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 11, 12, 13, 14 және 15 - қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7, 8, 9 және 10 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 61 және 62 - қосымшалар осы бұйрыққа 11 және 12- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 103 - қосымша осы бұйрыққа 13 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|