Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (2021.18.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды; 4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|