Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 68) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізсін және стационарлық мен амбулаториялық-емханалық ұйымдарды одан әрі дамыту жөніндегі тәсілдерді әзірлесін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 606 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|