«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерінің нысанды киімдерінің үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті қамтамасыз етсін:»; бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтердің қызметкерлерімен зерделеуді ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.»; бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»; 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|