Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері (2015.24.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары —мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 3. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 4. Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 5. Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 6. Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып. 7. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде: «Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер» және «Автомобильдердің шекті саны» деген бағандар мынадай редакцияда жазылсын: «
»; көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде: «Арнайы су көлігін пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер», «Арнайы су көлігінің шекті саны», «Теңіз», «Өзен» және «Шағын көлемді» деген бағандар мынадай редакцияда жазылсын: «
». 2. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 622 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасындағы теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киім берілетін лауазымдар (мамандықтар) тізбесінде: реттік нөмірі 2-жолдың «Мемлекеттік бақылау органы» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары»; көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімінің, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерінде: 13-тармақтың 2) тармақшасының төртінші, он екінші, он төртінші абзацтарында «басқармасы» деген сөз «органы» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз және ішкі су көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру ережесінде: 3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «теңіз және ішкі су көлігіндегі уәкілетті мемлекеттік бақылау органының аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары, порттың теңіз әкімшілігі». 4. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2015.24.11. № 941 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|