Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы (2022.28.06. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 192 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Басым дақылдар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 244 «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|