2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жол картасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 8 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдің 2020 жылғы 17 қазандағы № 23-12/5419 тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы» жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Жол картасы іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты есептік айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей тоқсанына бір рет ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жол картасының орындалуы туралы есептік айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жылына бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабар берсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау министрлердің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Р. Дәленов 20__ жылғы «_____» __________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 8 бекітілген
«2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы» жол картасы
1-бөлім. Республикалық бюджет қаражаты есебінен
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|