Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» № 847/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» № 847/2 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 24 сәуірдегі № 470/1 қаулысына қосымша
Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 847/2 қаулысына қосымша
Павлодар қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидалары
1. Осы Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жәнемен ақы төлеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бірыңғай төлем құжаты - тұтынушының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық және басқа да қосымша қызметтерді төлеуге арналған төлем құжатының нысаны; 2) газбен жабдықтау - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|