2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 65 643 817 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 11 483 496 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 183 008 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 4 483 059 мың теңге; трансферттер түсімі - 49 494 254 мың теңге; 2) шығындар - 61 471 053 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 216 202 теңге: қаржы активтерін сатып алу - 216 202 теңге; қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 956 562 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -3 956 562 мың теңге: қарыздар түсімі - 0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 3 956 562 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге. 2. 2020 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 300 000 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2020 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|