|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы (2021.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті: 1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін: оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет. Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады; Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі; 2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін: Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзиттік қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратынын растайтын құжаттарды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттар тізбесі мен үлгілеріне сәйкес) ұсынған жағдайда ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан өтеді; тиісті санаттағы жүргізуші куәліктері болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзиттік қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратынын растайтын құжаттарды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжаттар тізбесі мен үлгілеріне сәйкес) ұсынған жағдайда ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан және ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеп-қараудан өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алынғаннан кейін межелі жеріне дейін маршрут бойынша жол жүруді жалғастырады. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесі алынған жағдайда мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты сауалнамада көрсетілген маршрут парағына сәйкес қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында орналасқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі - ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық қарап-тексеруді қамтамасыз етеді, CОVID-19 белгілері болған жағдайда оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. COVID-19 белгілері болмаған жағдайда оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабардар ету қажет екенін түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жеріндегі ДСБ-ға COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі бар адамның жол жүргені туралы хабарлайды; 3) тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы. 1-1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты және транзитпен қатынайтын халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер үшін тамақтануға және демалуға арналған тұрақ орындарын белгілесін. Аталған тұрақтарды қалалар мен аудан орталықтарының аумағында орналастыруға жол берілмейді. 2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды; 2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды қамтамасыз етсін. 3. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аумақтық департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойғы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды; 4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 5) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт құралдарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды; 6) шетелден келетін барлық азаматтарға COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупі жағдайларында оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды; 7) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді; 8) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын. 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін. 7. Авиакомпаниялар басшылары: 1) Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді; 2) ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда қосымша сауалнама жүргізуді; 3) толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің маманына тез арада беруді; 4) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды; 5) әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын; 6) ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын, сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді; 7) қызметкерлерді жұмысқа жеке қорғаныш құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) болған кезде жіберуді; 8) дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді; 9) тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді ауыстыруды қамтамасыз етсін. 8. Көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы: 1) ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келетін барлық адамдарға байланыссыз термометрия жүргізуді; 2) дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар анықталған жағдайда ықтимал жұқтыруға жол бермеу бойынша шараларды сақтай отырып, жолаушыны әуежай изоляторына жіберуді; 3) рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді; 4) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұшып шыққан елден ПТР әдісімен COVID-19-ға анықтамасыз халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жөнінде ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін. 9. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды; 2) 2 тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін. 10. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары: 1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды; 2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды; 3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды; 4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін. 11 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 және 2020 жылғы 5 қазандағы № 55 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын. 12. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 13. Осы қаулы 2020 жылғы 27 қазанда 00 сағатта күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары
1. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және міндетті түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама) ұсынады. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды. 2. Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады. 3. Дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. 4. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 5. Келген ҚР азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зертеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына емдеуге жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына 2-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі
1. COVID-19 тіркелген кезде мониторингілеу және тергеп-тексеру мақсатында инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала жіктеуді пайдалана отырып жүргізіледі: - әкелінген жағдайлар (авиарейстер, теміржол тасымалы, авто); - байланыс жағдайлары (инфекция жұқтырғандардың жақын байланыстары санатынан); - жергілікті жағдайлар (жұқтырудың анықталмаған көздері); - профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған жағдайлар. 1.1 Әкелінген жағдайларды тіркеу: 1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVІD-19 Веб-қосымшасында (бұдан әрі - COVІD-19 Веб-қосымшасы) не қағаз тасығышта басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін қағаз тасығыш нысанында сауалнама жүргізеді. Сауалнаманы жолаушылар өз бетінше немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады. 1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. 1.1.3. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде СКП қызметкерлері рейс/поезд/авто келгеннен кейін екі сағат ішінде мәліметтерді COVID - 19 Веб-қосымшаға көшіреді. 1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1А, 1Б, 2, 3А, 3Б, 4, 5А, 5Б, 5В, 5Г, 5Д, 5Е кестелеріне сәйкес деректер жинауды жүргізеді, сондай-ақ деректерді COVID-19 Веб-қосымшаға енгізеді. 1.1.5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДБ) мамандары 1Б, 3Б, 4, 5Б, 5В, 5Г кестелеріне, сондай-ақ 38-қосымшаға сәйкес инфекция жұқтырғандар туралы барлық деректерді АД-ға ұсынуы, сондай-ақ 1Б, 3Б, 4, 5Б, 5В, 5Г кестелеріне, сондай-ақ осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес байланыста болған адамдар туралы барлық деректерді АД-ға ұсынуы қажет. 1.2. Байланыс жағдайларын тіркеу: 1.2.1. Байланыста болған адамдарды анықтау бойынша диагностикалық іс-шаралар және сұрау жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4 және 1.1.5-тармақтарына сәйкес COVID-19 веб-қосымшасына «Пациентті қосу» бөліміне енгізіледі.
Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін САУАЛНАМА
1. Тегі
2. Аты
3. Әкесінің аты
4. Туған күні
5. Азаматтығы
6. ЖСН немесе төлқұжат деректері
7. Жұмыс (оқу) орны
8. Соңғы 14 күнде сіз қандай елде болдыңыз?
9. Науқастармен немесе аурудың симптомдары бар адамдармен байланыста болдыңыз ба?
10. Тұрғылықты жері немесе болжалды тұратын жері
11. Байланыс телефоны
12. Қозғалыс маршруты
13. Қолы
14. Күні
Ескертпе: Сауалнама деректері Қазақстан Республикасының аумағына коронавирустық инфекцияның (COVID 19) әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша жүргізілетін шаралар шеңберінде тек қызметтік мақсаттарда пайдаланылады, сауалнама алынатын жолаушы ҚР заңнамасына сәйкес берген мәліметтері үшін жауапты болады.
Chief State sanitary doctor of the Republic of Kazakhstan №2 of _________, _______
For registration of passengers arriving from other countries / regions QUESTIONNAIRE
Surname
Name
Father’s name
Date of birth
Citizenship
Passport data
Place of work (study)
Place and duration of stay in the last 14 days
Was there a contact with the diseased or persons who have symptoms of the disease
Place of residence or alleged residence
Contact phone numbers
Route
Signature
Date Note: these forms will be used solely for business purposes in the context of measures to prevent the importation and dissemination in the territory of Kazakhstan coronavirus infection (COVID 19), surveyed the passenger is responsible for what information is supplied in accordance with the laws of RK.
1-кесте
COVID-19 жағдайының байланыста болған адамдарының тізімі
COVID-19 жағдайының Т.А.Ә._______________________________________________ оның сәйкестендіру нөмірі_____________________ ЖСН______________________________ Диагноз қойған күні_____________________ Бірінші сипмтомдардың пайда болған күні (егер бар болса)______________________
1А кесте
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |