Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығымен бекітілген
Жастар ресурстық орталықтары туралы
1. Осы Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі - Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды. 2. Ресурстық орталықтар ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|