Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 233 бұйрығы (2020.04.11. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев 2017 жылғы 11 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек 2017 жылғы 11 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017 жылғы 28 тамыз
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 233 бұйрығына қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|