Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Б. Шаяхметовке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 283/5 қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 144/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|