<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республимка Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығы (2023.17.04. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИМКА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

(2023.17.04. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек

 

№ 413

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Президентінің 2023.13.04. № 195 Жарлығымен жоспар өзгертілді (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің

2020 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 413 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

 

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

р/с

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I. Мемлекетті басқарудың жаңа моделі

1.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Президент Әкімшілігі

2020 жылғы қазан

2.

Құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен Статистика комитетін беруді көздей отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Президент Әкімшілігі

2020 жылгы қыркүйек

3.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, СЖРА

2020 жылғы желтоқсан

4.

Ұлттық жобалардың тізбесін айқындау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, СЖРА

2020 жылғы желтоқсан

5.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, оның ішінде: өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 1,5 есеге ұлғайту; 24 мың км республикалық жолды реконструкциялау және жол сервисімен қамтамасыз ету; шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ға дейін және шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту; 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тэрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік медициналық ұйымдарды қажетті жабдықпен толық жарақтандыру; негізгі төсек қорын 50%-ға жаңарту және ескірген инфрақұрылымды ауыстыру; күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

Үкімет, СЖРА

2020 жылғы қараша

6.

Мемлекеттік қызметшілердің штат санының лимиттерін 2020 жылы - 10%-ға, 2021 жылы 15%-ға қысқарту

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

Үкімет, МҚІА

2020 жылғы қазан

7.

Квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің штат санын 2020 жылы - 10%-ға, 2021 жылы 15%-ға қысқарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020-2021 жылдар желтоқсан

8.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік органдарда факторлы-балл шкаласы негізінде еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, МҚІА

2021 жылғы наурыз

9.

Жауапты хатшылардың міндеттерін министрліктер аппараттарының басшыларына жүктей отырып, жауапты хатшылар институтын жою

Қазақстан Республикасының Заңы

МКДА,

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

10.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде заңнаманы басқару шешімдерін қабылдаудың егжей-тегжейлі құқықтық регламенттелуі мен икемділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету бөлігінде өзгертуге бағытталған ережелерді іске асыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2020 жылғы қазан

11.

Квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша, оның ішінде квазимемлекеттік компаниялардың корпоративтік басқарылуын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, СЖРА

2020 жылғы желтоқсан

II. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

12.

«Қазақстан Республикасындағы өнеркэсіптік саясат туралы» заңды эзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

13.

Экономиканы қалпына келтіру жөніндегі заң жобасы шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін жаңа қолдау құралын - стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу, онда мемлекеттік қолдау ұсынудың топтамалық тетігі, оған қоса:

заттай гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, ішінара кепілдік беру, экспорттық қолдаудың толыққанды тетіктерін беру; инвесторлардың күрделі шығындарының бір бөлігін салықтық міндеттемелеріне қарсы есепке жатқызу жолымен өтеу; мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан кепілдікті сатып алу; жобаның бүкіл іске асырылу мерзіміне заңнамалық шарттардың тұрақтылығы және т.б. көзделеді

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, АХҚО (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

14.

2021 жылғы сәуірге дейін стратегиялық инвестициялық келісімдер жасасу қажет болатын жобалар пулын қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, АХҚО (келісім бойынша)

2021 жылғы наурыз

15.

Отандық өңдеу өндірістерін шикізатпен толық жүктеуді қамтамасыз ететін реттеуші тетіктерді әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қараша

16.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттейтін заң жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

17.

Өткізілетін сатып алулардың тиімділігіне автоматтандырылған талдау жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлердің қажетті ақпаратқа және тікелей

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Самұрық-Қазына» ҮӘҚ» АҚ (келісім

2020 жылғы желтоқсан

 

сатып алуға қатысуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін реттелетін сатып алудың барлық қолданыстағы платформасын Сатып алудың бірыңгай терезесі арқылы интеграциялау

 

бойынша), ұлттық холдингтер, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

 

18.

Реттелетін сатып алуларда қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қараша

19.

Аграрлық секторға инвестициялар тарту қажеттігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толыққанды экономикалық айналымға тарту бойынша халықаралық тэжірибені талдау және ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, АХҚО (келісім бойынша)

2021 жылғы сәуір

20.

Ауыл шаруашылығы жерлерін суару кезінде судың ысырап болуын төмендету және оны тиімді пайдалану мақсатында су пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жаңарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы желтоқсан

21.

Ауыл шаруашылығына қазіргі заманғы технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін экономикалық ынталандыруларды эзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2021 жылғы қаңтар

22.

2026 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша, оның ішінде: ірі инвестициялық жобалардың айналасында ауыл шаруашылығы шикізатын, оның ішінде етті, жемістерді, көкөністерді, қантты, дэнді, майлы дақылдарды, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кемінде 7 экожүйе қалыптастыру; ауылдағы кооперацияны ынталандыру жөніндегі шаралар топтамасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2021 жылғы шілде

 

саладағы кэсіби кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу мақсатында ауыл шаруашылығында адами капиталды қалыптастыру; аграрлық ғылымның даму деңгейін арттыру; ішкі нарықты элеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қанықтыру; 1 млн ауыл тұрғынының кірісін тұрақты артгыру; еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; агроөнеркэсіптік кешеннің қайта өңделген өнімінің экспортын 2 есеге үлғайту көзделетін жаңа ұлттық жобаны эзірлеу

 

 

 

23.

Жаңа инфрақұрылымдық жобалар, сервис деңгейін және транзиттік маршруттардың жылдамдығын арттыру есебінен Қазақстакның көлік-транзит секторының бэсекеге қабілеттілігін арттыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісім бойынша), АХҚО (келісім бойынша)

2021 жылғы наурыз, тамыз

24.

Төтенше жағдай режимі жарияланған кезден бастап 12 айлық кезеңге экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы кредиті бойынша жылдық 6%-ға дейінгі пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҚНРДА, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

25.

Барынша зардап шеккен секторлардағы шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтырудың арнаулы бағдарламасының қамтуын кеңейтіп, қосымша 200 млрд теңге бөле отырып (бағдарламаның жалпы көлемін 800 млрд теңгеге дейін жеткізіп), оның қолданысын 2021 жылдың соңына дейін ұзарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

ҰБ, Үкімет, ҚНРДА

 

2020 жылғы қазан

 

26.

2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалдау төлемдерін тоқтата тұру және есепке жазбау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы қазан

27.

Экономиканың барынша зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылдың соңына дейін еңбекке ақы төлеу қорынан бюджеттен тыс қорларға барлық аударымды тоқтату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қазан

28.

Шағын және орта бизнес қызметінің реттеушілік саясатты өзгертуге, оның ішінде: дұрыс ой пен мазмұн қатаң заңцық қалыптардан басым болуға тиіс - болмыстың қалыптан басым болуы; азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау мақсатында мемлекеттік реттеудің болуы қағидаттарын бекіту жолымен өзгертуге бағытталған жаңа нормативтік-құқықтық базасын эзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

29.

2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа барынша шалдыққан салаларда, оның ішінде сәулет-құрылыс қызметінде, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауда, ветеринарияда, сертификаттау мен басқа да салаларда мыналар:

шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу; барлық реттегіш құралға (бизнеске қойылатын талаптар, есептілік, рүдсат беру қү-жаттары) басы артықтығы және азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау қағидатына сәйкестігі тұрғысынан ревизия жүргізу; 2022 жылдан бастап барлық ескі нормативтік құжаттың күшін жоя отырып, реттеуші «гильотинаны» енгізу; азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау қағидаттарына сай келмейтін жаңа реттегіш құралдардың қабылданбауы, оның ішінде реттеушілік әсерді талдау институтын жетілдіру арідылы қабылданбауы қамтылатын «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

Үкімет, «Атамекен» ҮКП (келісім бойынша)

 

2021 жылғы шілде, желтоқсан

 

30.

Сыртқы нарықтарға шығуды кеңейту мақсатында шикізаттық емес орташа кәсіпорындарды қолдауға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

31.

Экспорттаушыларды (шикізаттық) валюталық түсімді сатуға ынталандыру бойынша үхыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҰБ

2020 жылғы қазан

32.

Екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін шағын және орта бизнесті кредиттеуге қайта бағдарлау және валюталық алыпсатарлықты тоқтату жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҚНРДА, ҰБ,

мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы қаңтар, шілде

33.

Тұтынушылық кредиттеудегі тэуекелдерді ауыздықтау, кредиттік ұйымдардың (микроқаржы ұйымдары, ломбардтар және басқа да қаржы мекемелері) жауапкершілігін арттыру, кредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді саралау және төмендету бойынша қосымша реттеушілік шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

ҚНРДА,ҰБ,

мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы қаңтар

 

34.

Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетін құру

Қазақстан Республикасының Заңы

ҮБ

2021 жылғы қаңтар

35.

Мынадай: Салық кодексі мен заңға тэуелді актілерге салықтар мен төлемдердің санын барынша азайту тұрғысынан ревизия жасау; экономиканы әртараптандыру және бюджетті толықтыру үшін салық мөлшерлемелерін саралау мэселесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізу

Президент Әкімшілігіне үхыныстар

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы сәуір

36.

Экономиканың жекелеген секторларында жұмыс істейтін, пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өзге төлемдердің орнына айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

37.

Мыналар: салықтық міндеттемелердің орындалуын, оның ішінде цифрландыру арқылы түбегейлі оңайлату; капиталдың елден шығарылуын бақылауды күшейту және пайданы елге қайта инвестициялауға ынталандыру үшін халықаралық салық салуды жетілдіру; трансферттік баға белгілеуді және капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

Үкімет, ҚНРДА

 

2020 жылғы желтоқсан, 2021 жылғы шілде

 

38.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын «көлеңкелі» экономикаға қарсы күреске қайта бағдарлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы маусым

39.

Көлеңкелі экономика саласындағы құқық бүзушылықтардың профилактикасы, оларды анықтау және оларға қарсы іс-қимыл жасау үшін Қаржыминінің, ҮБ-ның, ҚНРДА-ның, ІІМ-нің, ӘдМиннің, ДСМ-ның, ҰҚК ШҚ-ның ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ, ҚНРДА, ҰҚК ШҚ

2021 жылғы желтоқсан

40.

Бюджеттен тыс қорлардың, оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін қамти отырып, «кеңейтілген бюджетті» енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы сәуір

41.

Бюджеттік жоспарлаудың мыналар: ұлттық басымдықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне бағындыру; ұқыптылық пен жауаптылық қағидаттары; басым бағыттар мен жобаларды басым түрде қаржыландыру; жетекшілік ететін салалар бойынша міндеттерді жедел іске асыру үшін мемлекеттік органдарға елеулі бюджеттік дербестік беру; шешуші бюджеттік коэффициенттер мен қағидалардың түбегейлі тізбесін белгілеу көзделетін жаңа жүйесін енгізу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне үсыныстар

 

Үкімет, ЕК

 

2021 жылғы наурыз

 

42.

Қазақстан Республикасы Парламентінің бейінді комитеттері арқылы қаржыландырудың жеке тәртібін енгізіп, кадрлық жағынан нығайтып, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың барлық ақпараттық ресурсына қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің функционалын күшейту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЕК, Үкімет

2020 жылғы қазан

43.

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын Бэсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Президент Әкімшілігі

2020 жылғы қыркүйек

44.

Жекелеген экономикалық функцияларды іске асыруға және қызметтерді монополиялық көрсетуге уэкілеттік берілген мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметіне талдау жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҚДА, Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы қаңтар

45.

Жекелеген экономикалық функцияларды іске асыруға және қызметтерді монополиялық көрсетуге уэкілеттік берілген мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін мемлекеттік реттеудің заңнамалық тетігін қалыптастыру, ол, оның ішінде қүрудың түбегейлі негіздерін, қызметті жүзеге асыру, қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету тэртібін айқындауды көздейді

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БҚДА, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы маусым

46.

Тауар биржалары қызметінің реттелуін жетілдіру бойынша, оның ішінде биржалық брокерлер мен тауарларды берушілер үшін сауда-саттыққа тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге, ең жогары лоттарды белгілеуге және міндетті тізбеге енгізілген тауарлар үшін мәмілелердің тиеп-жөнелтумен, ақы төлеумен қамтамасыз етілуіне бағытталған шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Үкімет, БҚДА

2021 жылғы сәуір

47.

Биржалық тауарлардың (бензин, дизель отыны, битум, авиациялық керосин, ұн) тізбесін кеңейту және бидайдың биржалық сауда-саттығының көлемін ұлғайту

СИМ бү_йрығы

СИМ, БҚЦА, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы желтоқсан

48.

Электр энерғиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін үлғайту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БҚЦА, ЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы маусым

49.

Сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

50.

Негізінен элеуметтік объектілердің, сондай-ақ мемлекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге арналған объектілердің, оның ішінде мемлекеттік меншікте сақталуын қамтамасыз ететін жаңа жекешелендіру жоспарын қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, «Атамекен» ҮКП (келісім бойынша), АХҚО (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

51.

Квазимемлекеттік сектордағы пайдасыз шығындарды және басы артық еншілес компанияларды қысқарту

Президент Әкімшілігіне ұсыныс

Үкімет, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы қараша

52.

Портфельді компанияларды екі есе қысқартып және штат санын тиісінше түзете отырып, «Бэйтерек» ҰБХ» АҚ мен «Қазагро» ҰБХ» АҚ-ны біріктіру жолымен бірыңғай даму институтын құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2021 жылғы наурыз

53.

Тікелей және портфельді инвестицияларды тарту үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының элеуетін пайдалану

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АХҚО (келісім бойынша), СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Kazakh Invest» ҰK» АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

III. Теңгерімді аумақтық даму

54.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін Стратегиялық даму жоспары шеңберінде елді аумақтық-кеңістікте дамыту бойынша мыналар: түрлі өңірлердің бэсекелестік артықшылықтары; оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің өнеркәсіптік элеуетін ашу; ірі металлургиялық кәсіпорындар жұмыс істейтін өңірлерді (бірінші кезекте, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары) жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістер мен техникалық көрсетілетін қызметтердің орталықтары ретінде дамытудың жаңа пайымын әзірлеу; батыс өңірлерді мұнай-химия кешендерін салуға, жоғары бөліністі мұнай-химияны және газды қайта

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қараша

 

өңцеуді дамытуға инвестицияларды тарту орталықтары ретінде қалыптастыру; қала қүраушы кәсіпорындармен бірге моноқалаларды дамыту көзделетін жаңа тәсілдерді айқындау

 

 

 

55.

Қазақстандық тауарларды ілгерілету және инвестицияларды тарту үшін шекара маңындағы өңірлер бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, АХҚО (келісім бойынша)

2021 жылғы шілде

IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты - басты басымдық

56.

2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 1,2 трлн теңге бөлу

«Реепубликалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

57.

Әлеуметтік кодекстің (Әлеуметтік қамсыздандыру кодексі) тұжырымдамасын әзірлеу

заң жобасының тұжырымдамасы

Үкімет

2021 жылғы сәуір

58.

Әлеуметтік төлемдерді: азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмиянын» енгізу; тиісті тауар өткізуші жүйені құру арқылы цифрландыру бойынша шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҰБ

2020 жылғы қараша

59.

Халықтың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алуы үшін: болашақта алушы 82 жасқа толғанға дейін айына ең төмен жалақы мөлшерінде индекстелетін зейнетақы (базалық зейнетақыны қоса алғанда)

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

 

алуға мүмкіндік беретін салымшының ағымдағы жасына, аударымдардың болжамды тұрақтылығына және зейнетақы жинақтарының табыстылығына қарай «ең төмен жеткіліктілік шегін» айқындау; элеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес «ең темен жеткіліктілік шегін» жыл сайын қайта қарау; зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету тетігін айқындау; зейнетақы жинақтарын ерлі-зайыптылардың және жақын туыстардың бірлесіп мақсатты пайдалану мүмкіндігі; зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану есебінен жақын туыстарынан тү-рғын үй сатып алуға, сондай-ақ сатып алынған тү_рғын үйді кемінде 5 жыл ішінде сатуға шектеулер енгізу ескеріле отырып, 2020 жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік құқықтық актіні қабылдау және ұйымдастыру-дайындық жұмыстарын жүргізу

 

 

60.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтарына өз зейнетақы жинақтарының жеткілікті шектен артық бөлігін пайдалану мүмкіндігін беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «БЖЗҚ» АҚ (келісім бойынша), «ТҮҚЖБ» АҚ (келісім бойынша)

2021 жылғы ақпан

61.

Тұрғын үй мэселелерін шешу, оның ішінде: 5-10-20 бағдарламасы бойынша тиімді әлеуметтік қолдау көрсету;

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «ТҮҚЖБ» АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» базасында құрылатын «Отбасы банк» арқылы өңірлерде жалға берілетін тұрғын үй салуға (кемінде 100 мың отбасын қамтуды қамтамасыз ете отырып) көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бағдарлай отырып, жалдау ақысын субсидиялау тетіктерін енгізу; ауылда жалға берілетін үйлер салу кезінде жүмыс берушілердің шығындарын субсидиялау арқылы шешу бойынша шаралар қабылдау

 

 

 

62.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы коммуникациямен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қараша

63.

2021 жылдан бастап экстрокорпоралды үрықтандыруға (ЭКҰ) 7000 квота бере отырып, «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

64.

Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде үстауды, тағайындалған мерзімді кешірім жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өтеуді қоса алғанда, жазаны қатаңцату

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, БП, ЖС

2020 жылғы желтоқсан

65.

Әлеуметтік және құқық қорғау органдары тарапынан болған эрекетсіздік немесе салғырттық үшін қатаң жазалау шараларын қабылдай отырып, кэмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыс туралы әрбір іске прокуратура органдарының ерекше қадағалау жасау тетігін енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

БП, Үкімет, ЖС

 

2020 жылғы желтоқсан

 

V. Қолжетімді әрі сапалы білім

66.

Толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасын камтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

67.

Ғылыми негізделген тәсілдерді қолдана отырып, күндізгі оқытудың дәстүрлі нысанына қайта көшу тәртібін эзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы қазан

68.

Келесі үш жыл ішінде осы мақсаттарға қосымша 1,2 трлн теңге бөле отырып, 2021 жылғы қаңтардан бастап педагог қызметкерлердің жалақысын 25 %-ға арттыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

69.

Тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алу үшін балаларға тең мүмкіндіктер жасау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2020 жылгы желтоқсан

70.

Ата-аналардың таңцауы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржыландырудың ваучерлік тетігін енгізуді қоса алганда, балабақшалар құрылысына жеке бизнесті тарту үшін жаңа қолдау нысандарын тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2020 жылғы қараша

71.

Қала мен ауыл арасында білім беру саласындағы алшақтықты еңсеру үшін жалпы білім беретін мектептерді қолдау шараларын тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2021 жылғы қаңтар

72.

Азаматтардың сауаттылық деңгейін, олардың цифрлық құзыреттерін арттыруға, бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді түрде енгізуге,

Қазақстан Республикасы Президентінің

Үкімет

2021 жылғы ақпан

 

өз бетінше оқу нәтижелерін тануға, кәсіби дағдыларды сертификаттауға және т.б. бағытталған Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу

Жарлығы

 

 

73.

Мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім беру деңгейінде «Кәсіпкерлік негіздері» пэнін оқыту арқылы кэсіпкерлік дағдыларын дамыту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы наурыз

74.

Кәсіби спорт клубтарын ұстауға жіберілетін қаржы қаражатын халықты, ең алдымен балаларды дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың экімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

75.

Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерінің» қызметін қалпына келтіру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы,. Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2021 жылғы шілде

76.

Әкімдердің жұмысын бағалау өлшемшарттарына халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды тегін спорттық және білім беру секцияларымен қамту мәселесін енгізу

Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығы

Президент Әкімшілігі

2020 жылғы желтоқсан

77.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімсіз жоғары оку орындарын жабу процесін бақылауды күшейтуі

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

78.

Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға 1000 грант беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

Үкімет, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)

2021 жылғы маусым

 

79.

Жер қойнауын пайдаланушылар ғылым мен технологияларды қолдау мен дамытуды қаржыландыруға жіберетін аударымдардың орталықтандырылуын, ашықтығының арттырылуын, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалатын шыгындардың 1 %-ы мөлшеріндегі қаражаттың жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды негізге ала отырып бөлінуін қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы сәуір

80.

Өңірлік университеттердің ғылыми қызметі бөлігінде оларды ірі бизнес тарапынан «қамқорлыққа» алу мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы ақпан

81.

Елдің ғылыми-технологиялық дамуы бойынша ғылымды ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешуге тартуға бағытталған бағдарламалық құжатты эзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2021 жылғы сәуір

VI. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

82.

Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге тартылған қызметкерлеріне ағымдағы жылдың екінші жартысында ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөлу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, «ӘМСҚ» КеАҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

83.

2023 жылға қарай медицина қызметкерлері жалақысының экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейін қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

жыл сайын, 2021-2023 жылдар желтоқсан

84.

Қазақстанда өндірілуге тиіс базалық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау және осы мақсатқа жету бойынша тиісті шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы қараша, 2021 жылғы сәуір

85.

2020 жылдың соңына дейін ел өңірлерінде жаңа 12 жұқпалы аурулар ауруханасын салу және 1 жұқпалы аурулар ауруханасын реконструкциялау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нү-р-Сүлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2021 жылғы қаңтар

86.

2025 жылға дейін заманауи 20 ірі аурухана салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың экімдері

2021 жылғы желтоқсан, 2025 жылғы желтоқсан

87.

Нү-р-Сүлтан және Алматы қалаларында ғылыми-инновациялық көпбейінді 2 клиника салуды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Самұрық-Қазына»ҮӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 2021-2023 жылдар желтоқсан

88.

Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін жоғары ұтқырлық және халықтың қалың көпшілігіне, оның ішінде ауылдық жерде тү-ратындарға қолжетімді болуы жағына қарай түбегейлі қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Нұр-Сүлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2021 жылғы ақпан

89.

Шалғайдағы өңірлерге қызмет көрсету үшін көліктік медицинаны күшейту жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, облыстардың экімдері

2021 жылғы шілде

90.

Барлық тірек және серіктес елді мекендерді 3 жыл ішінде фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

жыл сайын, 2021-2023 жылдар желтоқсан

91.

Медицина мекемелерін кадрмен, оның ішінде эпидемиология, инфекциялық аурулар, реаниматология, пульмонология, кардиология сияқты бағыттар бойынша қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді онжылдық болжамын қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

VII. Экология және биологиялық әртүрлілікті қорғау

92.

Жаңа Экологиялық кодексті қабылдау

Қазақстан Республикасының Кодексі

Үкімет

2020 жылгы желтоқсан

93.

Бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд-тан астам және елді мекендерде 15 млн-нан астам ағаш отырғызуды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

жыл сайын, 2021-2025 жылдар желтоқсан

94.

Құқық бұзушыларды қылмыстық және экімшілік қудалауды күшейте отырып, Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау бойынша заңнамалық және нормативтік шараларды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП,ЖС

2020 жылғы желтоқсан

95.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тэрбие беруді күшейту бойынша практикалық шараларды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы наурыз

96.

Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруга үндейтін «Birge - taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі негізде өткізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы мамыр

97.

Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін дамыту бойынша шараларды тұжырымдау және қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2021 жылғы наурыз

98.

«Жасыл өсім» және ұлттық экономиканы терең карбонсыздандыру жөніндегі шараларды енгізе отырып, Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тркырымдамасын эзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет

2021 жылғы маусым

99.

Жануарларды қорғауға бағытталған занды азаматтық сектормен бірлесіп әзірлеу және қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2021 жылғы маусым

VIII. Азаматтардың мүдделерін қорғаудағы әділ мемлекет

100.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияны құру, оған тиісті іс-шараларды пысықтауды және реформаның іске асырылу барысының мониторингін жүктеу

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі

Президент Әкімшілігі

2020 жылғы қазан

101.

Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу (құқық қорғау органы қылмыстарды анықтап, оған қатысы бар адамдарды табуы, айғақтарды жинауы және бекітуі тиіс; жиналған дэлелдемелерге прокурор тәуелсіз баға беруге, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кесуге, кінэсіз азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол бермеуге, сотта айыптауды қолдауға міндетті; сот органдардың эрекеттеріне берілген шағымдарды қарайды және іс бойынша түпкілікті үкім шығарады)

Құқық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияның шешімі

БП, ЖС, ҰҚК, СЖҚА, ИМ, Қаржымині, МКҚ,ҚМ

2020 жылғы желтоқсан

102.

2021 жылдан бастап прокурор дың міндетіне қылмыстық істер бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын негізгі процестік шешімдерді келісуді бекіту

Қазақстан Республикасының Заңы

БП

2020 жылғы желтоқсан

103.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП

2020 жылғы желтоқсан

104.

«Әкімшілік» және «қылмыстық» құқық бұзушылықтардың жаңа ұғымдарын тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП

2020 жылғы қараша

105.

Жергілікті полиция қызметіне «жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша реформа жүргізу, онда учаскелік инспекторға басты рөл беріледі

Құқық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияның шешімі

Үкімет

2020 жылғы қараша

106.

Учаскелік инспекторға тиімді жұмыс істеуге қажетті өкілеттіктер бере отырып, оның мэртебесін заңнамалық тұрғыдан көтеру

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2021 жылғы маусым

107.

Пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейнебақылау енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, СЖҚА

2021 жылғы мамыр

108.

Ішкі істер министрлігінің құрылымын бейінді емес функциялардан арылту

Құқық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияның шешімі

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

109.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Үкімет

2020 жылғы қыркүйек

110.

Прокуратура қадағалауын азаматтар мен бизнес жүгінетін проблемаларды тиімді шеіпуге қайта бағдарлау

Құқық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияның шешімі

БП

2020 жылғы желтоқсан

111.

Бизнесті салықтық қүқық бү-зушылықтар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың қолданыстағы шегін қайта қарау

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, БП, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы маусым

112.

Бизнесті қылмыстық қудалау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау мақсатында тіркелген кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттерін соттың немесе прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асыру мүмкіндігін қарау

Қүдық қорғау және сот жүйелерінің реформасы жөніндегі комиссияның шешімі

БП, ЖС, СЖҚА, Қаржымині, ІІМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

113.

Сот процестерінде адвокат пен прокурор құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП, ЖС

2020 жылғы желтоқсан

114.

Мыналар бойынша шаралар қабылдау: сот төрелігін іске асыруға жаңа кэсіби кадрларды, оның ішінде салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, корпоративтік құқық саласындағы мамандарды тарту жұмысын жандандыру; сіңірген еңбегі мен жетістіктері туралы ақпаратты қоғамға жеткізе отырып, судьяларды іріктеуді БАҚ-та жазып-көрсету жүмысын күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЖСҚАҚЦМ

2021 жылғы қаңтар, шілде

115.

Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, медиация саласында айқын мемлекеттік саясатты тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП, ЖС

2020 жылғы желтоқсан

116.

Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы нормативтік актілер мен жұмыс процестерше талдау жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СЖҚА, Үкімет, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы шілде

117.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы мен қоғам алдында есеп беруін арттыруға бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» заңды эзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, СЖҚА

2021 жылғы маусым

118.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға оларды квазимемлекеттік секторда құру жөніндегі нормаларды енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

119.

Жұртшылықтың кеңінен қол жеткізе алуы үшін ашық болатын ақпараттың тізбесін және оны жаңарту кезеңцілігін айқындай отырып, квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметі, бюджет қаражатын пайдалануы туралы ақпараттың және басқа да өзекті деректердің бірыңғай ақпараттық ресурста орналастырылуын қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, «Самүрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

жарты жылдық негізде 2021 жылдың соңына дейін

120.

Ақпаратқа қол жеткізу мэселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

121.

2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, судьялар үшін шетелдік банктерде шоттарды иелену, қолма-қол ақша қаражаты мен құндылықтарды сақтау бөлігінде заңнамалық шектеулер енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

СЖҚА, МҚІА, БП, Қаржымині

2020 жылғы желтоқсан

122.

Қазақстан Республикасының заңнамасына: сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берген адамдарға қатысты квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды енгізу; қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын жұмыстан шығару көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, МҚІА, БП, СЖҚА

2020 жылғы желтоқсан

123.

Мемлекеттік қызметшілердің немесе квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының қос азаматтығының болуын тексеру және осы фактілер анықталған жағдайда оларды жұмыстан шығару жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІА, ҰҚК

2021 жылғы маусым

124.

Қылмыстық кодекске құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және пара берудегі делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жазаларын қатандату бөлігінде өзгерістер енгізу

Қазакстан Республикасының Заңы

СЖҚА, БП, ИМ, ЖС, ҰҚК

2021 жылғы сәуір

125.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берген адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жою

Қазақстан Республикасының Заңы

СЖҚА, БП, ЖС

2020 жылғы желтоқсан

126.

Сыбайлас. жемқорлықпен әшкереленген адамдардың мемлекеттік қызметге немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын талаптың сақталуына талдау жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СЖҚА, БП, МҚІА

2021 жылғы маусым

127.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін заңнамалық деңгейде қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

СЖҚА, ЖС, БП, ҰҚК, ИМ

2021 жылғы маусым

128.

Адам құқықтарын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау, оған мыналар қосылады: азаматтарды, эсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдау; Хабарлар рәсіміне қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттамаға қосылу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, ЖС

2021 жылғы ақпан

129.

Азаптауларға қарсы күрес жөніндегі ^лттық заңнаманы жетілдіру, оны Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-эрекеттерге қарсы конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП, АҚҮО

2020 жылғы қараша

130.

Құқық қорғау органдарының адам саудасына байланысты қылмыстық құкьщ бұзушылықтарды сотқа дегінгі тергеп-тексеру практикасын жетілдіруі

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, БП, ЖС

2020 жылғы желтоқсан

IX. Цифрландыру - барлық реформаның негізгі элементі

131.

Цифрлық теңсіздікті жою, оның ішінде: элеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларын компьютерлік техникамен; 250 адамнан астам халқы бар эрбір ауылдың сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету есебінен жою

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2021 жылғы қаңтар

132.

Зейнетақылар мен жэрдемақыларды тағайындауға және төлеуге байланысты процестерді толық цифрлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, БП, «Қазпошта» АҚ (келісім бойынша)

2021 жылғы шілде

133.

Ақпаратты цифрлық (автоматты) растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, барынша талап етілетін анықтамалар мен қағаздағы растамаларды жыл соңына дейін жою

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІА

2021 жылғы қаңтар

134.

Жеке куәліктерді, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

135.

Халықтың электрондық сервистермен өзара іс-қимылын оңайлату және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер деңгейінде де, жеке секторда да биометрияны қолдану бойынша практикалық шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

136.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, квазимемлекеттік сектордың барлық ақпараттық базаларын интеграциялай отырып, дерекқордың бірыңғай жүйесін (тұтас архитектурасын) қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Укімет

2020-2021 жылдар желтоқсан

137.

Әрбір сала бойынша цифрлық технологиялық платформаларды қалыптастыру мақсатында өнеркәсіп пен ІТ-сала арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық бойынша жаңа шараларды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

138.

Бес жыл ішінде ІТ-саласына инвестициялар көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, әлемдік технологиялық компанияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, АХҚО (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

X. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы

139.

Қазақстан Республикасының заңнамасына ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2021 жылғы мамыр

140.

Өкілеттіктері 2021 жылы аяқталатын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын 2021 жылы өткізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, облыстардың әкімдері

2021 жылғы желтоқсан

141.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, онда:

Тұжырымдаманың жобасы

Үкімет, ЕК, Нұр-Сұлтан, Алматы,

2021 жылғы ақпан

 

мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу; жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең-кезеңмен ажырату; жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне бақылауды күшейту, оның ішінде инфрақұрылымдық және элеуметтік бастамаларға бағытталған қогамдық маңызы бар шығыстар бөлігінде онлайн-сұрау жүргізуді қолдануды қоса алғанда, қоғамдық сараптамадан өту тетіктері арқылы күшейту; ауылдық округтердің мүліктік құқықтарын кеңейту және кірістерін ұлғайту арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін күшейту, бұл «халық қатысатын бюджеттерді» дамытудың келесі кезеңі болуы тиіс; орталық - өңір қарым-қатынасы ғана емес, қаражаттың өңір ішінде бөлінуі де ескерілетін, өңірлерді бюджеттік қаржыландыру моделін айқындау; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жиындар мен жиналыстардың мэртебесін көтеру, жергілікті жердегі өзекті проблемаларға қатысты олардың пікірін аудандық мәслихаттар нақты шешімдер қабылдау үшін ескеруі тиіс; тексеру комиссияларын күшейту

 

Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

 

142.

Барлық деңгейдегі мэслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде:

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Нұр-Сүлтан, Алматы, Шымкент

2020 жылғы і желтоқсан

 

мэслихаттарға өңірді дамыту немесе жергілікті проблемалар бойынша қол жинау және петиция жасау функциясын беру; мэслихаттар отырыстарын міндетті онлайн-трансляциялауды енгізу арқылы тиімділігін арттыру

 

қалаларының және облыстардың әкімдері

 

143.

Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (ММБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың экімдері

2021 жылғы наурыз

144,

Азаматтардың реформалар мен үхыныстарға бастамашылық жасауы үшін онлайн-петициялардың бірыңғай занды институтын құру мақсатында нормативтік құқықтық базаны эзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, БП, СЖРА, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы маусым

145.

Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастамашылық жасауы үшін бірыңғай онлайн-платформаны құру жөніндегі техникалық мэселелерді шешу

онлайн-платформа

Үкімет, БП, СЖРА, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2021 жылғы қыркүйек