Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 515 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4631 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған); 2. «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 710 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4777 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 31 қазанда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған); 3. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4790 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 15 қарашада «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|