Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы (2022.08.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.22.09. № 383 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|