|
|
|
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі – БМСД-ның № 38 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: БМСД-ның № 38 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 3-тармағының 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес Пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде CОVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін жас буындарды 10 тәулікке оқшаулауды, оларды шақырылған өңірлер бойынша бөлектеуді;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда босану кезінде серіктес болуға рұқсат беруді;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі. Осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, COVID-19 короновирус инфекциясына күдігі бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған, COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды, сондай-ақ стационарға түскен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу нәтижелері жоқ пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу нәтижелері немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат бар болғанда жүзеге асырылады;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «19) көп бейінді ауруханалардың қабылдау-диагностика бөлімінде пациенттерді жоспарлы және щұғыл емдеуге жатқызу үшін жеке қабылдау бөлмесін ұйымдастыруды, мүмкіндік болмаған кезде – жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу үшін пациенттердің ағымын бөлуді;»; БМСД-ның № 38 қаулысының 7-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «28) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды;»; 11) БМСД-ның № 38 қаулысына 1, 3, 9, 18, 20, 23, 24, 25, 27, 28, 30, 32, 33, 34, 35-қосымшалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 4 қаңтардағы №4 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
I. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
1. Объектіге кіреберісте жіті респираторлық аурулардың белгілері жоқ адамдарды (дене температурасы 370-тен жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) объектіге жібере отырып, қызметкерлер мен келушілерге байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады. 2. Объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидті әсері бар ауа рециркуляторларын (бұдан әрі - ауа рециркулятор) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыруды жүргізу ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі. 3. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді: 1) CОVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар (жақын байланыста болған адамдар); 2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар. 4. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі. 5. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 6. Органның (ұйымның) әкімшілігі: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) жұмыс күні ішінде маскаларды/респираторларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 4) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықта болатын жағдайларды (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып); 5) антисептиктермен жұмыс орындарын; 6) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді. 7. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады. 8. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі. 9. Асхана, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады. 10. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер пернетақтасы (көбіне қолмен жанасатын орындар) дезинфекциялау құралымен сүртіледі. 11. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады. 12. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады. 13. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады. 14. Үй-жайлар мен жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді. 15. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады. 16. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беру және оларды қараусыз қалдыру жүзеге асырылмайды. 17. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді. 18. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді. 19. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
II. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі бизнес-орталықтар қызметінің алгоритмі
1. Бизнес-орталықтардың әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жалға алушылардың, саудагерлердің жұмыс шарттарымен таныстыруды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 2. Кіреберісте дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады. 3. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді. 4. Объектіні күзету қызметі, әкімшілік өкілі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. 5. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді. 6. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді. 7. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс. 8. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. 9. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады. 10. Объектінің меншік иесі мыналарды: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты қызметкерді тағайындау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 3) кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу; 5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 6) халыққа маскамен қызмет көрсету; 7) таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау; 8) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; 9) ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі. Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті; 10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі; 11) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау; 12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу; 13) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы; 14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу; 15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 3-қосымша
COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі
Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет. Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет. Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет. Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - бұл оларды киетін адамды инфекция жұқтырудан қорғауға арналған арнайы түрде құрастырылған киім және жабдық (қорғаныш көзілдірігі, бет қалқаншалары, респираторлар). Бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын ЖҚҚ пайдалануға жол беріледі. Пайдаланғаннан кейін бір рет қолданылатын ЖҚҚ кәдеге жаратуға жатады. Әрбір пайдаланудан кейін көп рет қолданылатын ЖҚҚ-ны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес зарарсыздандыру қажет. ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байдланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет. ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).
1-кесте
№2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады. Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді. Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады. СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).
2-кесте
COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға, персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |