ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.11.01. № 13 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.18.04. әуірдегі № 105 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен күші жойылды
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.12.07. № 196 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап: лицензияны беру - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде; заңды тұлға - лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|