Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы (2023.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасының жаза тағайындаудың мәселелерін реттейтін нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де заңды күшіне енген сот үкiмi болмай қылмыс жасауда кiнәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген ережелерін негізге ала отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына, сотталушының қызметтегi және қоғамдағы дәрежесіне қарамастан, әрбiр қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне соттардың назары аударылсын. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында (бұдан әрі - ҚК) көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын және оның түрлерiн, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|