Патрульдік полицияның саптық бөліністерін жарақтандыру тізбесін бекіту туралы (2021.15.06. берілген өзгерістермен)
Қоғамдық тәртіптің сақталуын және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік полицияның саптық бөліністерінің қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің патрульді-бекеттік нарядын жарақтандыру тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің патрульдік автомобилін жарақтандыру тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің жылжымалы полиция пунктін жарақтандыру тізбесі; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің «Шеп» тосқауыл жүйесіндегі стационарлық бақылау бекетін жарақтандыру тізбесі; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің стационарлық полиция бекетін жарақтандыру тізбесі; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің кезекші бөлімін жарақтандыру тізбесі; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес патрульдік полиция саптық бөлінісінің жауынгерлік және қызметтік даярлығы бойынша жаттығуларды жүргізу үшін қызмет сыныбын жарақтандыру тізбесі бекітілсін. 2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың және көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары патрульдік полицияның саптық бөліністерін көрсетілген тізбелерге сәйкес қажетті арнайы құралдармен, мүлікпен және құжаттамамен қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ш. Қожаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (М.К.Баймұқашев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|