Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы аудандарының шекаралары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Астана қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 131 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы аудандарының шекаралары
1. «Алматы» ауданының шекарасы 15471 га құрайды және мынадай болып белгіленген: 1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қиылысынан Ақбұлақ өзені бойымен солтүстік-шығысқа қарай Сауда және А184 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Сауда көшесі бойымен солтүстікке қарай Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылы бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, солтүстік-шығысқа қарай Ақбұлақ өзені бойымен қаланың қолданыстағы шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзені бойымен Ақбұлақ өзенімен қосылатын тұсқа дейін. 2. «Байқоңыр» ауданының шекарасы 18129 га құрайды және мынадай болып белгіленген: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|