|
|
|
Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады. Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны: 1) кәсіптік оқу бағдарламаларымен қатар жоғары білімнің 1-2 курстарының кәсіптік оқу бағдарламаларымен кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуды; 2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару ісінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді. 3. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының алдында мынадай міндеттер тұр: 1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету; 3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту. 4. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өз қызметін «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады. 5. Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
6. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жарғысында белгіленген шекте оқу және тәрбие процестерін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметте дербес. 7. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады. 8. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді және олар жұмыс берушілермен келісіледі. Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары тиісті білім деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді. 10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі, сырттай оқу (Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа). 11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді. 1) бір орта білімнен кейінгі білім беру ұйымынан екіншісіне; 2) бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқыту нысанынан екіншісіне; 3) бір орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 13. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 14. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады. Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыс белгіленеді. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзіліспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі. 16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі. 17. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысанында 25 адамнан аспайды, сырттай, кешкі оқыту нысандарында кемінде 15 адамнан жинақталады. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі. 18. Тізбесі оқу жоспарларына сәйкес айқындалатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткізу, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтары саны 12-13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді. 19. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар мен ата-аналар, педагог қызметкерлер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады. 20. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға студенттер, курсанттар жатады. 21.Орта білімнен кейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлерге орта білімнен кейінгі ұйымдарда, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытумен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады. 22. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады. 23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 24. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан басқа тыс жерде мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады. Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады. 25. Бөлімге басшылықты орта білімнен кейінгі ұйым басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады. Бөлім меңгерушісі: 1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды; 2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын; 3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды; 4) білім алушылардың тәртібін бақылауды; 5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды; 6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды; 7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді. 26. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер: 1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болған; 2) оқытудың кешкі, сырттай нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады. 27. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады. Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндірістік жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді. 28. Кәсіптік практиканы өткізу үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. 29. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары - мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері. Оқу-өндірістік шеберханалар: 1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді; 2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын; 3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді; 4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады. Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) технологиялары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі. Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу; әртүрлі құралдармен және тетіктермен қызмет көрсету және оларды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі. 30. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары айқындайды. 31. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады. 32. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады. 33. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. 34. Білім алушыларды оқытумен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |