«Әкімдіктің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 284 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 маусымдағы № 284 қаулысына (2016 жылғы 26 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6546 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: 4) және 6) тармақшалар алынып тасталсын; 8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»; 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»; көрсетілген қаулының 1, 2, 3, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулы осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|