Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы (2022.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022.08.11. № 687 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы «__»________
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|