Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 72 бұйрығын қараңыз (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.28.01. № 8 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|