Сайлау учаскелерін құру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімі ШЕШТІ: 1. Сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімді аумақтың әділет органында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; 4) осы шешім ресми түрде жарияланған соң оны Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3.«Сайлау учаскелерін құру туралы» Өскемен қаласы әкімінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4404 тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Рудный Алтай» газетінде, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Дидар» газетінде, 2016 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өскемен қаласының әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|