Қауіпсіздік паспортын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (2022.12.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.12.12. № 293 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, қатерін азайту және салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға қажетті Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының құрамын айқындау үшін БҰЙЫРАМЫН: ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.12.12. № 293 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қауіпсіздік паспортын әзірлеу бойынша қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдар бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттері: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың қауіпсіздік паспортын 2021 жылғы 10 наурызға дейін, кейіннен қауіпсіздік үлгілік паспорттың мерзіміне сәйкес бес жылда бір рет толтыруды және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жолдауды; 2) ауданның, қаланың қауіпсіздік паспортын 2021 жылғы 20 ақпанға дейін, кейіннен қауіпсіздік үлгілік паспорттың мерзіміне сәйкес бес жылда бір рет бекітуді қамтамасыз етсін. 3. Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті 2021 жылғы 10 мамырға дейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қауіпсіздік паспорттарын бекітуді қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы аумағы қауіпсіздігінің үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 577 бұйрығының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|