«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) Алматы қаласының әділет органдарын Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/75 қаулысының күші жойылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 15 мамырдағы № 2/300 қаулысымен бекітілді
«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында білім беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|