ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.24.03. № 210 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 650 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 684 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 11-қосымша
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.07.10. № 435 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|