<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК АТ...

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы

(2012.22.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2012.22.02. № 255 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 25 қаңтардағы

№ 64 қаулысымен бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан

төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының

қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін

отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу

  • Показать изменения

 қағидалары

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Осы Қағидалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

  • Показать изменения

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

  • Показать изменения

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

  • Показать изменения

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде бір пайыз мөлшеріндегі аударымдар есебінен қалыптастырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат:

  • Показать изменения

1) киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;

  • Показать изменения

2) оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға;

  • Показать изменения

3) қаржылай көмек көрсетуге;

  • Показать изменения

4) санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға;

  • Показать изменения

5) білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына жұмсалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі. Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.

  • Показать изменения

Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне төмендегі растау құжаттары қоса беріледі:

  • Показать изменения

1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;

  • Показать изменения

2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);

  • Показать изменения

3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

  • Показать изменения

4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін алқалы орган қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды сұратады.

  • Показать изменения

Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына да бөлу жолымен анықталады.

  • Показать изменения

Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуын білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды және білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісім бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Білім беру ұйымы жыл сайын жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 шілдеге және 20 қаңтарға дейінгі мерзімде жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті жергілікті атқарушы органға еркін нысанда ұсынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің

  • Показать изменения

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға

  • Показать изменения

құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын,

  • Показать изменения

жан басына шаққандағы табысы ең төменгі

күнкөріс деңгейінің шамасынан

төмен отбасылардан шыққан білім алушылары

  • Показать изменения

мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,

  • Показать изменения

отбасыларда тұратын балаларға, төтенше

  • Показать изменения

жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді

  • Показать изменения

талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және

өзге де санаттағы білім алушылар мен

  • Показать изменения

тәрбиеленушілерге қаржылай және

  • Показать изменения

материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты

  • Показать изменения

қалыптастыру, жұмсау бағыты мен

оларды есепке алу қағидаларына

  • Показать изменения

қосымша

 

  • Показать изменения

_______________________________

  • Показать изменения

ұйымының басшысы ______________

  • Показать изменения

_______________________________

  • Показать изменения

(Т.А.Ә.)

  • Показать изменения

_______________________________

  • Показать изменения

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

  • Показать изменения

_______________________________

(мекенжайы)

 

 

Өтініш

 

  • Показать изменения

Сізден _________________________________________________ сынып оқушысы ___________________________________

  • Показать изменения

_________________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(Т.А.Ә.)

  • Показать изменения

жалпыға міндетті оқу қорынан _______________________________________________________________________________

  • Показать изменения

__________________________________________________________________________________________________ түрінде

  • Показать изменения

материалдық көмек беруіңізді сұраймын.

  • Показать изменения

Себебі, ___________________________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(себебі көрсетіледі)

  • Показать изменения

20____ жылғы «_____»___________               ______________________________________

  • Показать изменения

(күні, Т.А.Ә., қолы)