Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (2024.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.28.06. № 33 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. «Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13078 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Төлем жүйелері департаменті (Ашыкбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|