Алматы облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 29-153 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Алматы облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 12 мамырдағы № 2-23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 10 маусымда № 3886 тіркелген, 2015 жылдың 21 маусымында «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына жүктелсін. 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 14-82 шешімімен бекітілген қосымша
Алматы облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|