Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары: 1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Ішкі әкімшілендіру департаментіне ұсынсын. 3. Ішкі әкімшілендіру департаменті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы бойынша есептік ақпаратты аппарат басшысына ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппарат басшысының м.а. 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 64 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған
1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|