Қазақстан Республикасынан тыс аумағында өндірілген Комирнати (COVID-19-ға қарсы мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі вакцина дәрілік затын уақытша мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 213-НҚ бұйрығы (2023.27.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен бекітілген СOVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Пфайзер Мануфактуринг Бельгия Н.В. өндірген, инъекция үшін дисперсияға арналған концентрат, 30 мкг/доза (0.3 мл), Комирнати (COVID-19-ға қарсы мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі вакцина) ҚР-ДЗ-№ 34 дәрілік затына - 8 (сегіз) ай мерзіміне уақытша тіркеу куәлігі берілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Комирнати (COVID-19-ға қарсы мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі вакцина) медициналық қолдану және дәрілік затын жалпы сипаттамасы бойынша нұсқаулығы бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төраға орынбасарының міндетін атқарушы Ж.К. Ордабековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Негіздеме: Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 19 мамырдағы хаттамасы және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 2 маусымдағы № 17-06-603/1104 вакцинаның өндіруші елде тіркелгені/тіркелмегені және өндірістік алаңның GMP талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытындысы.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|