«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленді.»; 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мемлекеттік органның даму жоспарын, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін негіз болып табылады. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы облыстың, ресубликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.»; 10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған жаңа шығыстар бастамалары;»; көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|