«Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ақтөбе облысының ауылдық жеріне, кенттеріне және аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (берілген күні 3 (үш) жылдан аспайтын диплом алған жас мамандарға) әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі: әлеуметтік қолдау 3 000 000 (үш миллион ) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолыменайқындалсын.»; көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2023 жылғы 9 маусымдағы № 28 шешіміне қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|