Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 88-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. «Динамикалық байқау жүргізілетін науқастардың созылмалы аурулар тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесін, инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар мен шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың жекелеген санаттары тізбесін, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне жататын аурулар (жай-күйлер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № ҚР ДСМ-136 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19484 тіркелген, 2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|