|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Досье на проект Закона Республики Казахстан
1. Досье на проект Закона РК (май 2022 г.) 2. Выписка из стенограммы пленарного заседания Мажилиса Парламента РК от 04.05.2022 г. 3. Постановление Мажилиса Парламента РК от 4 мая 2022 года № 415-VII 4. Постановление Сената Парламента РК от 5 мая 2022 года № 273-VII 5. Конституционный закон РК от 5 мая 2022 года № 119-VII
КОНСТИТУЦИОННЫЙ ЗАКОН
О внесении изменений и дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан
Одобрен постановлением Мажилиса Парламента РК от 4 мая 2022 г. № 415-VII
Статья 1. Внести в Конституционный закон Республики Казахстан от 2 ноября 1995 года «О республиканском референдуме» следующие изменения и дополнение: 1) в статье 28: в подпункте 3) пункта 1 слова «не вычеркнут» заменить словами «не отмечен»; в пункте 2 слово «вычеркнуты» заменить словом «отмечены»; 2) статью 29 дополнить частью второй следующего содержания: «Гражданин при голосовании ставит любую отметку в пустом квадрате справа от варианта ответа, за который он голосует.». Статья 2. Настоящий Конституционный закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Президент Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Вел заседание Председатель
ТӨРАҒА. Құрметті әріптестер, енді күн тәртібіне жаңа өзіміз қосымша енгізген мәселені қарауға көшеміз. Ол - «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде. Баяндама жасау үшін сөз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекжанов Берік Айдарбекұлына беріледі. БЕКЖАНОВ Б.А. Құрметті Ерлан Жақанұлы! Құрметті әріптестер! «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетень нысандарын біріздендіру мақсатында әзірленді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл орынды ұсыныс. Қоғам өмірінің неғұрлым маңызды мәселелеріне қатысты шешімдерді бүкілхалықтық дауыс беру арқылы шешу - халық билігінің әділетті қоғам құруының айрықша көрінісі. Заң жобасымен референдумға қойылған мәселелерді қамтитын бюллетеньдердегі бірде-бір жауап белгіленбеген нұсқаларын жарамсыз деп тану және ұсынылған жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетендерді жарамды деп тану нормалары енгізіледі. Алайда бұндай бюллетеньдер дауыс беру кезінде есепке алынбайды. Сонымен қатар дауыс берушінің бюллетеньде кез келген белгі қою арқылы дауыс беру еркі нақтыланады. Бұл норма өз кезегінде дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды. Заң жобасын қабылдау теріс және өзге де келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және бюджет шығыстарын талап етпейді. Жұмыс тобының мүшелері мен заң жобасының дайындалуына үлес қосқан барлық азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз. Қолдауларыңызды сұраймын. Назарларыңызға рақмет. ТӨРАҒА. Рақмет. Баяндама аяқталды. Енді сұрақ беру рәсіміне көшеміз. Депутат Нұрымова Гүлдара Алданышқызы. НҰРЫМОВА Г.А. Спасибо, уважаемый Ерлан Жаканович. Мой вопрос адресован представителю Центральной избирательной комиссии. Уважаемый Шавкат Анесович! Согласно пункту 3 статьи 28 Конституционного закона «О республиканском референдуме» при возникновении разногласий по поводу признания бюллетеней недействительными при подведении результатов голосования вопрос разрешается участковой комиссией референдума путем голосования. При этом решение принимается не менее чем двумя третями голосов от общего числа членов комиссии. В этой связи у меня вопрос. Какими принципами будут руководствоваться члены комиссии при голосовании в случае возникновения разногласий? Спасибо. ӨТЕМІСОВ Ш.Ә. Гүлдара Алданышқызы, спасибо за вопрос. Принципы проведения республиканского референдума изложены в статье 4 данного закона. Из их числа непосредственно к той ситуации, о которой Вы говорите, относится принцип гласности. То есть, если среди членов избирательной комиссии пошли разногласия, то обсуждение и принятие решения должны быть гласным (согласно принципу гласности), открытыми и прозрачными. Все присутствующие, в том числе наблюдатели и доверенные лица, должны видеть, как этот процесс проходит. При этом есть ряд требований, в первую очередь - сохранение объективности. Решение должно быть объективным и принято на основании закона. В пункте 1 статьи 28 изложены все случаи, когда бюллетень считается недействительным: 1) если бюллетень неустановленного образца; 2) если в этом бюллетене нет подписи члена избирательной комиссии; 3) если голосующий не отметил ни один из ответов; 4) если невозможно определить волеизъявление голосующего. Вот эти законные основания должны быть соблюдены. Следующее важное требование - это коллегиальность, о которой Вы сказали. Не менее двух трети голосов должно быть отдано за то или иное решение по данному бюллетеню. Вот основные требования при определении недействительного бюллетеня. ТӨРАҒА. Рақмет. Депутат Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы. РАМАНҚҰЛОВ М.Б. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы. Менің сұрағым баяндамашыға және Әділет министрлігінің өкіліне арналады. Заңның 28-бабының 2-тармағында егер бюллетеньде мәселеге жауаптардың барлық нұсқалары белгіленсе, бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауысты санау кезінде есепке алынбайтынды. Сондай-ақ осы баптың 1-тармағында қандай бюллетеньдер жарамсыз деп танылатындығы көрсетілген. Егер халықтың референдумға келуін есепке алуда бюллетеньдердің екі түрі де ескерілетін болса, алайда жоғарыда көрсетілген жағдайларда дауыстарды санау кезінде олар ескерілмейтін болса, жарамды бюллетеньнің жарамсыз бюллетеньнен түбегейлі айырмашылығы неде екенін айтыңызшы. ТӨРАҒА. Әділет министрлігінің микрофонын қосыңыздар. МҰҚАНОВА А.Қ. Мақсат Базаралыұлы, сұрағыңызға рақмет. 28-баптың 2-тармағында көрсетілген өзгеріс қатысу деңгейін және азаматтың еркін білдіру құқығын қарастыруға бағытталған норма. Бұл кезде көрсетілген еркін білдіру рәсімі толықтай анықталмайды, сондықтан осындай норма көзделген болатын. Айырмашылығы 1-тармаққа қатысты. Не жарамды, не жарамсыз болып табылатыны, мысалы, сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған бюллетеньдер практикада кездеседі. Оларды біз жарамсыз деп белгілеуіміз керек. Өз кезегінде тұрақты үлгіде адамның еркін білдіру қағидасы көрсетілмесе, әрине, ол қатысу деңгейін көрсетеді, бірақ жарамсыз деп табылмайды. ТӨРАҒА. Рақмет. Сұрақ қоятын басқа депутаттар жоқ қой? ОРНЫНАН. Жоқ. ТӨРАҒА. Берік Айдарбекұлы, негізі бұл заң жобасы мазмұнын өзгертпейді ғой, иә? БЕКЖАНОВ Б.А. Иә. ТӨРАҒА. Референдум туралы заңның мазмұнын өзгертпейді, түзетулер тек нақтылау сипатында ғана. Осыны біз дұрыс түсіндіруіміз керек. Сонымен қатар референдум туралы қолданыстағы заңда қажет емес нұсқаны референдумға келген азамат сызып тастау керек, «иә» немесе «жоқ» деп. Бұл адамдарды шатастырады. Сондықтан сайлау тәжірибесінде қолданылатын «иә», «жоқ» дегеннің жанына белгі қою арқылы жүзеге асыратын түзету енгізіп отырмыз. Осыны біз қоғамға түсіндіріп айтуымыз керек. Бұл тек азаматтардың шатасып кетпеуі үшін жасалынған. Соған байланысты қабылданатын заң жобасы. Сізге рақмет. Орныңызға отырыңыз. Енді қосымша баяндама жасау үшін сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі депутат Раззақ Нәзилә Раззақбайқызына беріледі. РАЗЗАҚ Н.Р. Құрметті Ерлан Жақанұлы! Құрметті әріптестер! «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетеньді сайлау бюллетенімен сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Заң жобасында республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерді толтыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін ережелер қамтылған. Өзгерістер мен толықтыру дауыс беру рәсімін реттеуге мүмкіндік береді және азаматтардың еркін білдіруге жағдай жасайды. Заң жобасы жұмыс тобы мен бас комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды. Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері оң қорытындыларын берді. Сондықтан, құрметті әріптестер, заң жобасын мақұлдап, Парламент Сенатының қарауына жолдауды ұсынамыз. Қолдауларыңызды сұраймын. Назарларыңызға рақмет. ТӨРАҒА. Рақмет, Нәзилә Раззақбайқызы. Құрметті депутаттар, заң жобасын талқылауға көшеміз. Сөз депутат Елюбаев Мәди Сағынтайұлына беріледі. ЕЛЮБАЕВ М.С. Құрметті Ерлан Жақанұлы! Құрметті әріптестер! Заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Сонымен қатар Президент: «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады», - деп айтты. Қаралып отырған заң жобасымен келешекте өткізілетін референдумде пайдаланатын бюллетеньдердің түрін сайлау өткізілгенде пайдаланатын бюллетеньдердің түрімен унификациялау арқылы азаматтарымыздың техникалық қателіктердің жіберіп алудан максималды түрде сақтап қалу көзделіп отыр. Бұл шара әр азаматтың дауыс беру құқығын тиісінше нақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді және референдумның әділетті өтуіне зор ықпалын тигізеді. Осыған байланысты заң жобасын қабылдау біздің азаматтарымыз үшін оң құқықтық салдар туғызады деп санаймын. Баяндалғанды ескере отырып, әріптестерімді заң жобасын қолдауға шақырамын. Назарларыңызға рақмет. ТӨРАҒА. Рақмет. Талқылауға жазылған басқа депутаттар жоқ. Осы заң жобасын мақұлдап, Парламент Сенатының қарауына жіберу туралы ұсыныс түсті. Қарсылықтарыңыз жоқ болса, осы ұсынысты дауысқа қоямын. Дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 98, «жақтағандар» - 98. Шешім қабылданды. Енді осы мәселе бойынша қаулының жобасына дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 99, «жақтағандар» - 99. Қаулы қабылданды.
СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
|