Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Қазақстан Республикасының Заңы (2022.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi 8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi 9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар 10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi 11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары 12-бап. Білім беру органдарының құзыретi 13-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары 14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары 14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері 15-бап. Денсаулық сақтау органдары 19-бап. Жеке профилактикасы шаралары 19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу 19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс 19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау 19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу 20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi 21-бап. Жеке профилактикасы шаралары жүргiзу мерзiмдерi 22-бап. Өздерiне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары 22-1-бап. Кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету 22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер 22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алу 22-6-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету 22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері 23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi 4-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі 26-бап. Ұлттық алдын алу тетігі 28-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар 29-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары 30-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері 31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату 32-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі 33-бап. Алдын ала болу тәртібі 34-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы 36-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жеке профилактикалық жұмыс», «Жеке профилактикалық жұмыс», «жеке профилактикалық жұмысты», «Жеке профилактикалық жұмысты» деген сөздер тиісінше «жеке профилактикасы шаралары», «Жеке профилактикасы шаралары», «жеке профилактикасы шараларын», «Жеке профилактикасы шараларын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені; 2) 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактикасы шараларын қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесі; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің оның толыққанды дамуы, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды қорғау үшін жағдай жасауы; 5) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дарыту жөніндегі ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тарапынан оған әсер ететін үздіксіз процесс; 6) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала; 7) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс; 8) 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) панасыз қалған бала - тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала; 10) тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.
2-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат құқықтық саясаттың бір бөлiгi болып табылады және ол кәмелетке толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен қамтамасыз етудi қамтиды. 2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат: 1) заңдылық; 2) кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау; 3) отбасын қолдау; 4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шараларын қолданудағы кешендiлiк; 5) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу; 6) құпиялылық; 7) ғылыми негiздiлiк; 8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік саясаттың мақсаты: 1) балалардың дене бiтiмi, зияткерлiк, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың қоғам мүдделерiмен, мемлекет халықтарының дәстүрлерiмен, ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын тәрбиелеуге ықпал ету; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) девиантты мiнез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету; 3) кәмелетке толмағандармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзу үшiн құқықтық негiздердi қалыптастыру; 4) кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау; 5) балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, спорт және өзге де мекемелерінің тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу; 7) қызметi әлеуметтiк тапсырыстар беру және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де шаралар арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы болып табылады. 2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдардың негiзгi мiндеттерi Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдардың негiзгi мiндеттерi: 1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; 3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту; 4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру; 5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтап, жолын кесу; 6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру болып табылады. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік реттеу Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады. 6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн. 3. Өзге ұйымдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайының профилактикасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары мен оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзiрлейдi; 2) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк қорғалу жүйесiн айқындайды; 3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және қорғау, бала құқықтарын қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың желiсiн дамыту жөніндегі шараларды әзiрлейдi және iске асырады; 4) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегi ведомствоаралық комиссияны құрады; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді; 5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi 1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде: 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) жергiлiктi бюджеттердi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына арналған шығыстар бөлiгiнде бекiтедi және олардың атқарылуын бақылайды; 2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құрамын бекiтедi; 3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Жергiлiктi атқарушы органдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы өз жұмысын жергiлiктi мемлекеттік басқару деңгейлерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде ұйымдастырады. 3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың дербес құрамын бекіту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) өңiрлiк медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргiзедi; 3) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөніндегі шараларды қолданады; 4) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен бейімдеу орталықтарында үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған кәмелетке толмағандарды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды күтіп-бағады; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен арнаулы білім беру ұйымдарында он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды күтіп-бағады; 5) кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзедi. 4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың дербес құрамын бекіту үшiн тиiстi мәслихаттарға ұсынады және олардың жұмысын ұйымдастырады; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) дербес медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргiзедi; 3) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымның қалыптасуына жәрдемдеседi; 4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау, өзге де көмек көрсету жөніндегі шараларды қолданады; 5) қызметтерi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi. 2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады. 2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық - қалада, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жанынан құрылуы мүмкiн. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары3-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат4-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдардың негiзгi мiндеттерi5-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік реттеу6-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесi 2-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің функциялары және өкілеттіктері7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары12-бап. Білім беру органдарының құзыретi13-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері15-бап. Денсаулық сақтау органдары16-бап. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган17-бап. Алып тасталды18-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына қатысушы өзге де мемлекеттік органдар 3-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі қызметті ұйымдастыру19-бап. Жеке профилактикасы шаралары19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi21-бап. Жеке профилактикасы шаралары жүргiзу мерзiмдерi22-бап. Өздерiне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары22-1-бап. Кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер23-3-бап. Хат-хабар алмасу22-4-бап. Өтініштерді жіберу22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алу22-6-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi24-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн бақылау25-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық 4-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі26-бап. Ұлттық алдын алу тетігі27-бап. Үйлестіру кеңесі28-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар29-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары30-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату32-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі33-бап. Алдын ала болу тәртібі34-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы35-бап. Құпиялылық36-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы |