|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 8-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, кәсіптік қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;». 2. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат): 1) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын; 2) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың сыныптамасы. Мамандандырылған оқу орталықтары»; 3) 10-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесі және жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскеріне қойылатын талаптар»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметін жарғының және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.»; 6-тармақта: бірінші абзацта: орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2) тармақшадағы «соттылығы» деген сөз «сотталғандығы» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3-1) тармақшада: орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4) тармақшадағы «күзетшісі» деген сөз «күзетші» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған» деген сөздер «үш жылдан аз уақыт бұрын теріс себептермен босатылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарып, үш жылдан аз уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды.»; 4) 10-1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын: «1. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкілетті орган айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.»; 1-тармақтың бірінші абзацындағы «1» деген цифр «1-1» деген цифрлармен ауыстырылсын; 5) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскердің құқықтары мен міндеттері 1. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, еңбек шартына және осы Заңға сәйкес айқындалады. 2. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскер: 1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда, оның ішінде ойын-сауық мәденибұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жәрдем көрсетуге; 2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 3) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшін қажетті шараларды шектен асыруға жол берілмеуге тиіс; 4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болған кезде, ұстап алынған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауіпті және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негіздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алынған адамның киімін қарап-тексеруге және аталған заттарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру үшін алып қоюға; 5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге; 6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқылы. 3. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскер: 1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға; 2) өзіне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу хабарлауға; 3) аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу хабарлауға; 4) заңнамада көрсетілген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуі бойынша өзінің күзет қызметі субъектісінің күзетшісі екенін растайтын куәлігін көрсетуге; 5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне жәрдем көрсетуге; 6) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолданылу негіздерін түсіндіруге міндетті.»; 6) 15-баптың 4-тармағындағы «арнаулы», «Арнаулы» деген сөздер тиісінше «нысанды», «Нысанды» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 16-бапта: 1-тармақта: «қызмет көрсетуші» деген сөздер «орындаушы» деген сөзбен ауыстырылсын; «клиентке» деген сөз «тапсырыс берушіге» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші абзацындағы «қызмет көрсетуші ретінде іс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметінің мынадай субъектілері» деген сөздер «орындаушы ретінде мынадай күзет қызметі субъектілері (осы Заңда қойылатын талаптарды ескере отырып) әрекет етуге құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «клиент», «іс-қимыл жасауға» деген сөздер тиісінше «тапсырыс беруші», «әрекет етуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «қызмет көрсетушінің» деген сөздер «орындаушының» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) 22-бап «қадағалауды» деген сөзден кейін «заңда белгіленген шекте және нысандарда» деген сөздермен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат): 11-баптың 25) тармақшасының он екінші абзацындағы «арнаулы» деген сөз «нысанды» деген сөзбен ауыстырылсын. 4-тармақ осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді 4. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат): 1-қосымшаның 86-жолы мынадай редакцияда жазылсын: «
». 1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Күзет қызметінің субъектілері осы Заңның 1-бабының 4-тармағы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде лицензияны, жүзеге асыру үшін оның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауын ескере отырып, қайта ресімдеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 қаңтар № 405-VІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |