«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауға; 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10 желтоқсандағы 2024 жылғы № 409 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|