Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4874 тіркелген) келесі өзгерістер енгізу туралы: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»; көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2021 жылғы 11 қарашадағы № а-11/158 қаулысына қосымша
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 қаулысына 1-қосымша
Егіндікөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|