Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы (2021.23.04. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 тамыздағы № 18/155-VІІ шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.23.04. № 4/39-VII шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді. 2. Осы Қағидалар облыс елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|