Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығы (2023.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.27.08. № 186-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған елеулі маңызды тауарлардың тізбесі бекітілсін. 2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков 2015 жылғы 1 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ивестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2014 жылғы 31 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2014 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник 2014 жылғы 30 желтоқсан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|