Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» № 2-нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-нысаны; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7К-нысаны; 4) осы бұйрықтың 4-6-қосымшаларына сәйкес ЭАЕҚ 1, ЭАЕҚ 2, ЭАЕҚ 3 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі - ЭАЕҚ); 5) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулық. 2. «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9853 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|